foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай – Ұлы Дала Мәдениеті»

Бүгін, 2025 жылдың 30 қыркүйек күні, Айыртау ауданының Саумалкөл ауылы №1 Саумалкөл орта мектебінде Айыртау ауданының білім бөлімінің қолдауымен «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Айыртау ауданының мектеп оқушылары арасында «Ботай – Ұлы Дала Мәдениеті» атты викторина өткізді. Викторинаға 9–10 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара Ботай мәдениетінің негізін қалаушы, археолог-ғалым Виктор Федорович Зайберттің туған күніне орай, оны еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

Викторина барысында оқушыларға Ботай қонысының тарихы, қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей артефактілер, жылқыны алғаш қолға үйрету мәселесі, сондай-ақ Виктор Федорович Зайберттің ғылымға қосқан үлесі туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылар өз білімдерімен ғана емес, сонымен қатар тарихи мұраға деген қызығушылықтары мен ой-пікірлерімен бөлісті.

Оқушылар Ботай мәдениетінің әлемдік өркениеттегі маңызын айқындайтын тұстарға тоқталып, ғалым еңбегін ерекше құрметпен еске алды. Жастардың белсенділігі мен ізденімпаздығы олардың туған өлке тарихына деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"