foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

24 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстанның орыс қауымдастығы» РҚБ Айыртау аудандық өкілдігінің басшысы Илья Минеевтің бастамасымен Айыртау ауданына бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері жұмыс сапарымен келді.  Атап айтқанда, «Ассамблея Жастары» РҚБ СҚОФ басшысы Дарига Смаилова, «Рух Тіл Жаңғыру» ҚБ төрағасы Ануар Токпан, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамаларды қолдау және этномедиация бөлімінің жетекшісі Руслан Мамаев.

Қонақтар "Ботай" музей- қорығына келіп,  еліміздің тарихы мен рухани байлығының маңызды бөлігі болып табылатын Ботай мәдениетінің бірегей мұрасымен танысты. Мұндай кездесулер мәдени мұраны сақтау саласындағы диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"