foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Меморандум

 

2025 жылдың 4 қыркүйек күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Солтүстік Қазақстан облысының туристік қауымдастығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Келісім мәдени туризмді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанды туристік орталық ретінде ілгерілетуге бағытталған.

Меморандумға "Ботай" музей-қорығының директоры Сабина Амирова мен туристік қауымдастықтың басшысы Владимир Витченко қол қойды.

Тараптар өңірде туризмді бірлесіп ілгерілетуге, бірлескен іс-шаралар өткізуге, туристік имиджді дамыту және қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерінде өзара қолдау көрсетуге уағдаласты.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"