Ботай музей-қорығының экспозициялық залында «Керамика айына» арналған экскурсиялар ұйымдастырылуда. Келушілер Ботай мәдениетінің тарихи мұрасымен, ежелгі қыш бұйымдарының ерекшеліктерімен таныса алады.
Экскурсия барысында археологиялық қазбалардан табылған бірегей қыш сынықтары көрсетіліп, керамика өнерінің дамуы мен оның адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы ақпарат беріледі.