Бүгін Ботай музей-қорығы Астана қаласынан қонақтарды қабылдады. Экскурсиялық топтың қатысушылары ежелгі Ботай мәдениеті әлеміне — адамзатқа қолға үйретілген жылқы сыйлаған энеолит дәуірінің бірегей ескерткішіне қызығушылық танытты 🐎
Келушілер ботайлықтардың тұрғын үйлерінің макетін, күнделікті өмірінде қолданған ежелгі жәдігерлерді, еңбек құралдарымен танысты.
🗣 Біздің экскурсоводтар археологтардың ашқан жаңалықтары, Ботайдың әлемдік тарих үшін маңызы және ежелгі қоныс өмірінің ерекшеліктері туралы айтып берді.
💬 Қонақтар жылы қабылдауды атап өтіп,Қазақстанның мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.