Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз — ұлттық спорт түрлерін насихаттайтын күн. Ұлттық спорт түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашаққа үлгі еткеніміз жөн.
Бүгін – ата-бабамыздан мұра болған ұлттық ойындарды дәріптейтін ерекше күн! Қазақтың көкпар, асық ату, бәйге, тоғызқұмалақ, арқан тарту сияқты дәстүрлі ойындары ұлт руханиятының ажырамас бөлігі.
Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.