foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"Қазақстан тарих ғылымының дамуына әйел ғалымдардың қосқан үлесі-шығармашылық және жеке өзін - өзі жүзеге асыру жолдары"

2025 жылдың 4 наурыз күні  «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» ZOOM платформасында  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған "Қазақстан тарих ғылымының дамуына әйел ғалымдардың қосқан үлесі-шығармашылық және жеке өзін - өзі жүзеге асыру жолдары" тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ғылыми - зерттеу, білім беру-академиялық, мәдени-ағарту қызметіндегі әйел ғалымдардың жетістіктері мысалында тарих ғылымының, археологияның, мәдени контексттердің өскелең ұрпағы үшін танымал ету. 

         Аталмыш шара «Ботай» музей-қорығының директордың м.а. Т.К.Нурсеитовтың құттықтау сөзімен басталды.

          Дөңгелек үстелге Ә.Х. Марғұлан атындағы                                                                        археология институты  Солтүстік Қазақстан      филиалының басшысы  Меруерт Қиясбекқызы,      Тарих ғылымдарының кандидаты, Астана қаласындағы А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалының   ерте темір дәуіріндегі археология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері -    Ганиева Айнагуль Сабитовна, «Есік» музей-қорығының басшысы Гульмира Райылқызы қатысып, әйел ғалымдардың ғылыми биіктерге жетудегі еңбек өмірбаяны, археологиялық экспедициялар жүргізумен байланысты қиындықтарды еңсеру (көтеру материалы, қазба жұмыстары және қазба орнына жақын уақытша тұрғын үйде тұру, қиын ауа-райы жағдайлары, ашық кеңістік, жаяу маршруттар) жайында  баяндап айтып берді.

              Іс-шара соңында «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері барша әйел қауымына құттықтауларын  жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді. 

 

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"