foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ұлы Даланың ежелгі құпиялары"

2025 жылғы 27 ақпанда   Саумалкөл мектеп-гимназиясы оқушылары үшін «Ботай» музей-қорығы «Ұлы Даланың ежелгі құпиялары" тақырыбымен ботайлықтардың ежелгі технологиялары бойынша  қыш ыдыс жасау, тасты дисктер жасау шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Ботайлықтарда қыш ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды.  Құмыраларға салынған өрнектер негізінен алғанда штрихталған үшбұрыштарзигзагтаршыршадөңгелек батырып салған оюлар, сызықшалардан тұрды.

Тасты дисктер  бұрғылау және тегістеу технологиялары арқылы жасалды. Қазақстан аумағында б. з. д. IV-III мыңжылдықтағы энеолит кезеңінде диск тәрізді тас балғалар пайда болды.
Ежелгі ботайлықтар тас балғасын ірі қара малды сою үшін ерекше қару ретінде қолданған.

Ұйымдастырылған шеберлік сабақтар балаларды қызықтырып, олар іс-шараға қуана қатысты.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"