foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Шекарасыз мәдениет

2024 жылдың 13 қазаны мен 31 желтоқсан аралығында Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет»  акциясы жарияланған болатын.

 Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру, елдің мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету және олардың проблемаларына қоғам назарын аудару.

Акция аясында, 2024 жылдың 28 қазан күні  «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  жұмыспен қамтуды үйлестіру және   әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Айыртау әлеуметтік қызмет көрмету     орталығы» КММ-де  «Мейірімділік жүректен» тақырыбында   ботай қонысынан табылған жәдігерлермен көрме және  көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыстар жасау мен тас дискілерін жасау шеберлік сабақтар көрсетілді.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"