2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен онлайн форматта " ZOOM "платформасында 25 қазан-Қазақстан Республикасы күніне арналған" Ботай мәдениетінің әлемдік өркениетті дамытуға қосқан үлесі "тақырыбында халықаралық ғылыми – практикалық конференция өткізілді.
Осы айтулы күні Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы кейінгі жылдары еліміздің тарих ғылымын неғұрлым мұқият, терең және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берді.
Конференцияның мақсаты-Қазақстандық археологиялық ғылымды зерттеу және дамыту, шетелдік және отандық археологиялық экспедициялардың ғылыми нәтижелерін талқылау. Онлайн конференцияға Англиядан белгілі тарихшы ғалымдар, сондай-ақ қазақстандық археологтар, ғалымдар, республикалық музей-қорықтардың қызметкерлері қатысты.
Іс-шара басында "Ботай" музей-қорығының директоры құттықтау сөз сөйледі. Сондай ақ Қазақстан тарихын зерттеудің, Ботай мәдениетінің аспектілерін ғылыми дамытудың өзекті мәселелері туралы Эксетер университетінің (Англия) профессоры Алан Оутрам өз баяндамасымен таныстырды.
Археологияның ең қызықты нысандары мен ескерткіштері және алынған зерттеу нәтижелері туралы Қазақстан археологтары айтып берді. Қазақстан Республикасының тарих ғылымының әртүрлі өзекті тақырыптары бойынша одан әрі зерттеулер, ізденістер, деректерді талдау және жарияланымдар күтіп тұр.