«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 2022 жылдан бастап «Жас археолог» үйірмесі жұмыс істеп келеді.
Үйірме – оқушылардың білімін жетілдіруді, азаматтық-патриоттыққа, еліміздің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын сақтай білуді және құрметтеуді үйретеді.
Бүгін, 2024 жылғы 24 қыркүйек күні «Ботай» музей-қорығының «Жас археолог» үйірмесі аясында музей қызметкерлері Айыртау ауылының орта мектебінің оқушыларына «Ертедегі еңбек құралдары» тақырыбында дәріс пен көрме ұйымдастырды.
Жас археологтар археология саласы бойынша теориялық білімдерін жетілдіре отырып, сабақ барысында ескерткіштерді табуды, сипаттауды үйренуде, сонымен қатар Ботай қонысынан табылған жәдігерлермен танысты.