foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Археологтар күніне

2024 жылғы 15 тамызда Археологтар күніне - (таяу шет елдер мен Қазақстанның бірқатар елдерінің бейресми кәсіби мерекесі) ҚР Мәдениет комитетінің "Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК "Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әсем табиғаты мен ежелгі археологиялық  ескерткіш Ботай қонысының аймағына шығуды ұйымдастырды.

"Ботай" музейй-қорығының қызметкерлері балалардың демалуы үшін интерактивті, ойын түрінде далалық семинар өткізді.

Семинар барысында "Ботай" музей-қорығының ғылыми қызметкері Макеев.М. С. кіріспе сөзімен археологияның өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын, қазіргі уақытта археологияға көп көңіл бөлінетінін, археология, жалпы ғылым сияқты, қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жас археологтар археологиялық қазба жұмыстарының барысымен, археологтардың құралдарымен таныстырылды,сонымен қатар  қазба жүргізу әдістемесін тануды, табылған олжалар мен артефактілерді сипаттауды үйренді.

Далалық семинар барысында балаларға керамикалық ыдыстарды мүсіндеу, тас диск жасау, Ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігі  өмірі үшін жануарлардың терісін өңдеу, шөптер мен өсімдік тамырларын ұсақтау бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді.

Сондай-ақ,ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша шеберлік сыныптары (дронмен жұмыс) және болашақта балаларға пайдалы болатын аэрофототүсіріліммен қалай жұмыс істеу,  туристік палатканы құрастыру - бөлшектеу, орнату бойынша мастер-класс көрсетілді.

Далалық семинар «найза лақтыру», "садақ ату" бойынша жарыстық спорттық іс-шаралармен, жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.

Бүгінгі іс-шара орталық  тәрбиеленушілерінің эмоцияларының "дауылын" тудырды.


Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"