foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Jańa Dala / Green Day '2024

2024 жылғы 18-19 шілдеде "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей - қорығы" РМҚК Ақмола облысы Ақкөл ауданының демонстрациялық алаңдарында "Jańa Dala / Green Day '2024" Қазақстан Дала күні " мамандандырылған көрмесінің жұмысына қатысты.Аталған іс-шарада "Ботай" музей-қорығымен Ботай мәдениетінің бірегей артефактілері, археологиялық олжалар көрмесі қойылған киіз үй ұсынылды.Көрмеге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Ақмола облысының облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы келді.
Негізгі тақырып-ауыл шаруашылығындағы заманауи жабдықтар мен техниканы көрсету, іскерлік байланыстар орнату.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы экономиканың, бизнестің басқа секторларын дамытумен, инвестиция тартумен, туризммен, ұлттық мәдениетпен тығыз байланысты. Ботай мәдениетінің алғашқы өкілдері де протоаграрийлер болды, аң аулау мен балық аулаумен айналысты, құрал-саймандар жасады, қышқыл сүт өнімдерін өндірді, жылқыларды қолға үйретіп, өсірді. Сондықтан Ботай мәдениетінің тарихи-мәдени мұрасы көрмесі іс-шараға келушілердің қызығушылығын тудырды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"