foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Солтүстік Қазақстан облысында туристік маусымның ашылуы

2024 жылғы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында туристік маусымның ашылуы өтті.

Біздің өңірде туризмді дамыту мемлекеттік саясатты іске асырудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасындағы ең әдемі жерлердің қазынасына кіретін туристік нысандарға бай.

Имантау-Шалқар курорттық аймағы Республикалық маңызы бар ТОП-10 басым жобаға және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіреді.

 Айыртау ауданының әсем табиғаты Шалқар, Имантау көлдерінің тау алаптары мен су айдындарымен бейнеленген. Көлдерде таза, тұщы су бар. Ерекшелік-Шалқар-емдік әсері бар суымен әйгілі көл.

 Бұл күні  Имантау-Шалқар курорттық аймағының «Тұрпан» демалыс аймағында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Мәлікұлы Еркінбаевтың қатысуымен туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті.

 Іс-шараға келушілерге арналған "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей –қорығы "Ботай-ұлы дала өркениеті" жылжымалы көрмесін және де, керамикалық ыдыс жасау, тас дискілерді жасау бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"