foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Археологиялық объектілерді жаңғыртуды, сақтауды, мұражайландыруды, танымал етуді және сақтау проблемаларын қамтамасыз ету

2024 жылғы 13 маусымда «Ботай» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ботай қонысында  "Археологиялық объектілерді жаңғыртуды, сақтауды, мұражайландыруды, танымал етуді және сақтау проблемаларын қамтамасыз ету" тақырыбында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану бойынша далалық семинар өткізді.

Далалық семинардың мақсаты-тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау аясында кәсіби тәжірибе алмасу,  тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы қызмет процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді жариялау.

Осы форматта далалық семинар өткізу мемлекеттік және мемлекеттік емес орталықтарда, музейлерде жинақталған жұмыс тәжірибесін сақтаудың және түрлендірудің жаңа нысандары мен әдістері бойынша, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау контекстінде мәселелер шеңберін талқылауды көздейді.

Далалық семинарға ғылыми қызметкерлер, тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы мамандар, ЖОО оқытушылары және "Жас археолог" үйірмесінің қатысушылары қатысты.

Іс-шарада тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі бас инспектор В. А. Искрижицкий өз баяндамасымен бастады, келесі кезекте  Ботай тұрғын үйін тұрғызу бойынша суретші-реставратор Ю. Б. Тихонов баяндама оқыды, сондай-ақ ҰҰА басқару және аэрофототүсірілім, шатырды құрастыру-бөлшектеу және т. б. бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді.

Іс-шараның соңында найза лақтыру, садақ ату және т.б. спорттық жарыстар өтті.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"