2024 жылдың 6 маусым күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Көкшетау қаласының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде №18 мектеп оқушыларына Ботай мәдениеті жайлы дәріс пен көрме ұйымдастырды.
Ботай – тарихи орын! Мұнда 6 мың жыл бұрын асауға алғаш рет ауыздық салынды. Яғни, Қамбар ата төлдері қолға үйретілді. Бұл дерек ғылыми тұрғыда дәлелденгені баршамызға мәлім.
Аталмыш іс-шарада оқушыларға Ботай қонысын зерттелуі,тарихы және де құнды жәдігерлері жайлы деректер айтылды.