foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Асыл тұқымды жылқы

Биыл Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әкесі «Көрнекті қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығын Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында тойлануда. Осынған орай 15 маусым күні Қарауыл ауылында үлкен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Асыл тұқымды жылқы» тақырыбында республикалық конференция, конференция аясында ұлттық ойындар көкпар, қазақша күрес, әр түрлі жылжымалы көрмелер мен қатар 500 баланы бір уақытта ашамайға отырғызу салты көрсетіліп гиннестің рекордтық кітабына енгізілді.

Аталмыш іс-шара жылқы малына арналғандықтан, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ботай-ұлы дала мәдениеті» тақырыбымен жылжымалы көрмесін жұртшылыққа таныстырды. Көрмеге Ботай қонысынан табылған жәдігерлер қойылып, ежелгі адамдардың шаруашылығы жайлы шеберлік сабақтар көрсетілді.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"