
«Жас археолог» үйірмесі
Қысқы каникул кезеңінде «Жас археолог» үйірмесінің қатысушылары кітапханада танымдық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар викторина ұйымдастырып, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарды бірге талқылап, кітаптар мен дереккөздер арқылы іздестірді.
Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысының қасиетті орындары туралы мәліметтерге ерекше назар аударылды. Үйірме қатысушылары өңірдің рухани және тарихи-мәдени мұрасы жайлы білімдерін толықтырып, ақпаратпен жұмыс істеу, дереккөздерден нақты мәлімет табу дағдыларын жетілдірді.
Мұндай танымдық кездесулер балалардың археология мен тарихқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, бірлесіп жұмыс істеуге, ой бөлісуге және туған өлкенің құндылықтарын қадірлеуге тәрбиелейді
![]() ![]() ![]() |