foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Жас археолог

Бүгін 26.11.2025 Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жанындағы «Жас археолог» үйірмесінің қатысушылары керамикалық ыдыс жасаудың шеберлік сабағына қатысты. Балалар ежелгі ботайлықтардың қолданған тәсілдерін меңгеріп, саз балшықпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренді.

Шеберлік сабақ барысында үйірме мүшелері өз қолымен шағын ыдыс қалыптап, ежелгі шеберлердің еңбегін сезініп көрді. Мұндай сабақтар өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"