
Бүгін, 8 қазан 2025 күні "Ботай" музей-қорығында Букенов Ерлан Жұмабекұлының жетекшілігімен "Жас археолог" үйірмесі аясында ерекше танымдық сабақ өтті!
Бұл жолы қонақта №1 Саумалкөл орта мектебінің оқушылары болды. Сабақ барысында балалар: ежелгі Ботайлықтардың тұрғын үйінің макетін зерттеді, ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысты және Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін білді.
Танымдық сабақты тарих пәнінің мұғалімі Букенов Ерлан Жұмабекұлы жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Сонымен қатар, балалар практикалық сабақ барысында танысқан көне жәдігерлерді қағаз бетіне түсірді. Балалар тарихқа деген қызығушылықтарын ашып, өзін археолог ретінде сезініп қайтты!
Сабақ соңында естелікке суреттер түсіріліп, әр бала өзімен бірге жаңа білім мен жақсы көңіл күй алып кетті. Білім беру мен ұлттық тарихты насихаттауда осындай кездесулердің маңызы зор. Өйткені, жас ұрпақ өз елінің өткенімен танысып, болашаққа сенімді қадам жасайды!