
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Саумалкөл орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Букенов Ерлан Жұмабекұлының жетекшілігімен «Жас археолог» үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме аясында Ерлан Жұмабекұлы оқушыларға арналған «Ботай — көшпелі өркениеттің бесігі» атты 34 сағаттық авторлық курстық бағдарламаны әзірледі. Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған және «Қазақстан тарихы» пәні шеңберінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның мақсаты — археологиялық үйірме жұмысы барысында оқушылардың тарихи ойлау қабілетін, зерттеушілік дағдыларын және пәнаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту.
Бағдарлама тарихи және археологиялық білімді біріктіре отырып, Солтүстік Қазақстан аумағындағы Ботай мәдениетінің энеолит дәуірін зерттеуге арналған. Оқушылар археология әдістерімен, артефактілерді талдау және шағын зерттеулер жүргізу дағдыларымен танысты.
Курстың жаңашылдығы – Қазақстан тарихын археологиялық зерттеу әдістерімен ұштасуында, сондай-ақ «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылуында.
Мақсаты – оқушылардың тарихи-мәдени мұраға қызығушылығын қалыптастыру, зерттеу және жобалық қызмет дағдыларын дамыту.