foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Құрметті достар!

Құрметті достар!
2022 жылдың ақпан айынан бастап «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сарапшы көзқарасы» онлайн диалогын бастайтынын хабарлаймыз, онда әр саланың (тарих, археология, этнография және т.б.) ғалымдары өз пікірлерін ортаға салып, ғылыми зерттеулермен бөлісетін болады.
Айына бір рет біз ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде сарапшылармен кездесеміз, сонымен қатар Facebook-тегі Ботай музей-қорығы парақшасында тікелей эфирді қосатын боламыз, онда диалогтың белгілі бір тақырыбы бойынша сарапшыларға пікір қалдыру арқылы өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоюға болады.
Онлайн диалогтың күні мен уақыты алдын ала хабарланады.
Жұма, 4 ақпан күні, сағат 11:00-де біз бірінші сақталған эфирді іске қосамыз. Сіз өз сұрақтарыңызды пікір қалдыру арқылы жазып, оларға міндетті түрде жауап аласыз. Келесі диалогтар тікелей эфир арқылы қосылатын болады. Жақын арада кездескенше!
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"