
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні құтты болсын!
Ұлттың рухани байлығы - оның мәдениеті мен салт-дәстүрі. Ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарымыз ата-бабадан аманат болып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Біздің міндетіміз - осы асыл мұраны сақтап, зерттеп, келер ұрпаққа жеткізу.
Осы мереке күні баршаңызды ұлттық мәдениетімізді қадірлеуге, салт-дәстүрімізді ұлықтауға шақырамыз.
Ізгі дәстүріміз жаңғырып, ұлттық құндылықтарымыз мәңгі жасай берсін!