
31 Наурыз күні «Ботай» музей-қорығы ұйымдастыруымен Айыртау ауданының Мәдениет үйінде «Ботай — Ұлы дала мәдениеті» атты республикалық макет байқауы өтті.
Байқау 2026 жылдың 20 қаңтарында жарияланып, бүгін қорытындыланды. Жалпы 33 қатысушы қатысты, оның ішінде 20-сы офлайн, 13-і онлайн форматта өз жобаларын қорғады.
Байқаудың мақсаты — Ботай мәдениетін зерттеу және шығармашылық тұрғыда таныстыру арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, қатысушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған өлке тарихына деген қызығушылықты қалыптастыру.
Қатысушылар 3 санатқа бөлінді:
Байқау қорытындысы:
1 санат (кіші сынып):
1 орын — Шамшетден Санжар (Қызылжар ауданы)
2 орын — Қуанышбай Ерлан (Қарасев орта мектебі)
3 орын — Қабдол Мирас, Боранбай Хадиджа (Шукурлук мектебі)
2 санат (жоғары сынып және студенттер):
1 орын — Титова Эвелина, Руфуллаева Сабина (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің колледжі)
2 орын — Ким Никита (Рудный мектебі)
3 орын — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарих кафедрасының студенттері
3 санат (тарихқа қызығушылар):
1 орын — Мусин Аскар (Мичурин мектебі)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға Ботай мәдениетіне деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!