foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Халықаралық музейлер күніне арналған "Ботай пырағы - 2022" фестивалі

2022 жылғы 18 мамыр күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей түні» акциясы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Ботай пырағы – 2022» фестивалін өткізді.
«Ботай» қонысының аумағында 14 нысан қатар жұмыс істеді. Музей қонақтары мен келушілері жылқыны қолға үйрету, өсімдік тамырларын ұсақтау, жылқы терісін тазалау, тас дискілерді жасау, ұлттық сусын – қымыз дайындау сияқты театрландырылған көріністерін тамашалап, өз қолдарымен көне бұйымдардың аналогын жасауға, атпен серуендеуге, алтыбақан тебуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, музей қонақтары арасында найза лақтыру және садақ ату жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Тарихи-мәдени мұраны насихаттау бағытындағы ерен еңбектері үшін музей-қорықтың қызметкерлері марапатталды. Айыртау ауданының әкімінің алғыс хаты - Айдарбекова А.Б., «Ботай» музей-қорығы директорының алғыс хаты мен 50 000 теңге ақшалай сертификаты - Жетыбаев Ш.К., Тихонов Ю.Б., Яковченко Р.А. табысталды.
Іс-шара «Бабалар рухын шақыру» театрландырылған қойылымымен жалғасып, «Ботай алауы» жағылды, қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.
Аталмыш іс-шараны ұйымдастыру барысында жәрдемдескен барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"