
2026 жылғы 30 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Қазанка ауылы мектебінің оқушыларына танымдық экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында оқушылар Ботай мәдениетінің тарихымен, ежелгі ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігімен және салт-дәстүрлерімен танысты. Сондай-ақ Ботай қонысының адамзат тарихындағы маңызы туралы қызықты мәліметтер алды.
Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, тарихи-мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелейді.