foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

Қарттар күніне орай Ботайға саяхат

Бүгін, 1 қазан күні Қарттар күніне орай «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Айыртау ауданының зейнеткерлері үшін Ботай қонысына арнайы экскурсия ұйымдастырды.
Қонақтар Ботай қонысының тарихымен, археологиялық зерттеулермен және бірегей жәдігерлермен танысып, ежелгі Ботай мәдениетінің құндылығы туралы қызықты ақпарат алды. Экскурсия барысында қатысушыларға Ботай мәдениетінің әлемдік тарихтағы маңызы, соның ішінде жылқыны ерте қолға үйрету тарихы туралы кеңінен айтылды.
Іс-шараның мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік жасау және туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу.
Құрметті қонақтарымызға жылы лебіздері мен белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"