
Бүгін, 9 қыркүйек күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Покровка орта мектебінің оқушысы келді. Жас зерттеуші ғылыми жобаларға белсенді қатысып, Ботай мәдениетін зерттеуге қызығушылық танытып жүр.
Музейге сапары барысында оқушы Ботай мәдениетіне қатысты экспонаттармен танысып, ежелгі Ботай қонысын тамашалады. Бұл сапар оның ғылыми ізденісіне жаңа серпін беріп, туған өлкенің тарихы мен археологиялық мұрасын тереңірек тануына мүмкіндік берді.