foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

Экскурсия

8 шілде күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қарағанды қаласынан келген қонақтарға танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында қонақтар Ботай мәдениетінің бірегейлігімен, жылқыны алғаш қолға үйрету тарихымен және археологиялық құнды жәдігерлермен танысты. Қарағандылық қонақтар елімізде осындай көне әрі әлемдік маңызы бар мәдениеттің сақталғанына ерекше таңданыстарын білдіріп, тарихи мұрамызға жоғары бағасын берді.

Әсіресе, медицина саласының мамандары болғандықтан, Ботай қонысынан табылған бас сүйегіндегі трепанация іздері олардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл көне дәуірдегі адамдардың медициналық білімінің жоғары деңгейін көрсететін бірегей археологиялық дерек ретінде үлкен әсер қалдырды.

Осындай мазмұнды кездесулер тарихи-мәдени мұрамызды кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге зор үлес қосады.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"