
Астана күніне орай «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Ұлы Дала мұрасы және қазіргі Астана» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында келушілерге Ботай мәдениетінің адамзат өркениетіндегі орны, жылқыны қолға үйретудің тарихи маңызы және Ұлы Дала өркениетінің бүгінгі Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен айтылды.
Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы болса, Ботай – Ұлы Даланың терең тарихы мен өркениетінің бастауы. Өткен мен бүгінді сабақтастыратын бұл экскурсия ұлттық мұраны дәріптеп, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталды.
Өткеннің мұрасы – бүгінгі Астананың рухани негізі, ал тарихын құрметтеген елдің болашағы әрқашан нық болады.