
Бүгін «Ботай» музей-қорығына Қостанай облысынан арнайы қонақтар келді. Олар Айыртау ауданының тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу мақсатында арнайы сапармен келіп, өңірдің бай мұрасымен танысты.
Қонақтарға музей-қорық бойынша экскурсия жүргізіліп, Ботай мәдениетінің тарихы, археологиялық жәдігерлер мен Ұлы даланың көне өркениеті туралы кеңінен ақпарат берілді.
Қонақтар Ботай қонысының тарихына ерекше қызығушылық танытып, жылы қарсы алу мен әсерлі экскурсия үшін алғыстарын білдірді.