
Франциядан келген турист
Бүгін, «Ботай» музей-қорығына Францияның Страсбург қаласынан келген турист-мотосаяхатшы арнайы ат басын бұрды. Қонақ Ботай қонысын көру үшін ұзақ жол жүріп келді. Ол жылқы тарихына ерекше қызығушылық танытып, әлемге әйгілі археологиялық ескерткішпен танысуды мақсат еткен.
Экскурсия барысында саяхатшы ботай мәдениетінің тарихымен, археологиялық жәдігерлермен және қазақ даласының бірегей тарихи мұрасымен танысты. Әсіресе, Ботайдың жылқыны алғаш қолға үйреткен көне мәдениет ретінде маңызы қонақтың ерекше қызығушылығын тудырды.
Осындай кездесулер Ботайдың тек археологиялық ескерткіш қана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды тарих пен мәдениет арқылы тоғыстыратын ерекше орын екенін дәлелдейді. Ұлы даланың терең тарихы әлі де көптеген саяхатшыларды қызықтырып, өткен мен бүгіннің арасын жалғап келеді.