
Экскурсия
21 мамыр күні «Ботай» музей-қорығына мектеп оқушылары келді. Қонақтарға танымдық экскурсия ұйымдастырылып, оқушылар ботай мәдениетінің тарихымен, археологиялық жәдігерлермен және өлкеміздің бірегей мұрасымен танысты.
Экскурсия барысында оқушылар тарихи мағлұмат алып, көне өркениет тарихына жақын танысуға мүмкіндік алды.
«Ботай» музей-қорығы тарих пен мәдени мұраға қызығушылық танытатын барша қонақтарды әрдайым қуана қарсы алады.