
21 наурыз – Ынтымақ күніне орай «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Айыртау ауданының арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында балалар ежелгі Ботай мәдениетімен танысып, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен тарихы жайлы қызықты мәліметтер алды.
Осындай іс-шаралар арқылы біз жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеміз.
Ынтымақ күні баршаңызға бірлік, татулық пен жақсылық әкелсін!