
19 Наурыз күні Айыртау ауданының агротехникалық колледжінде өткен Наурыз мерекесіне «Ботай» музей-қорығы ұжымы қатысып, Ботай мәдениетіне арналған көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында келушілер ежелгі Ботай қонысының тарихымен, археологиялық олжалармен танысып, ұлттық мұрамыз туралы тың ақпарат алды.
Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құт-береке, молшылық әкелсін!