foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Бүгін, 2023 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында және «Ботай» музей-қорығының 5 жылдық мерейтойына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК « «Ежелгі Ботай: дала өркениеті мен қазақ мемлекеттілігінің бастауында» »тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Іс-шараға ғалымдар, тарихшылар, ғылыми қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры К. Г. Шакшаков құттықтау сөзбен бастады.

Конференцияның басты оқиғасы – 3 жылдық жобаны іске асыру қорытындысы бойынша «Ботай мәдениеті, адам және қоғам: өркениеттік дискурс» монографиясының тұсаукесері. Философия ғылымдарының докторы, монография авторларының бірі С. Ш. Аязбекова қызықты әрі мазмұнды баяндама жасады.

Бұл ғылыми жұмыста пәнаралық тәсілді қолдану нәтижесінде Ботай мәдениетінің әлемдік тарихтың өркениетті дамуына қосқан үлесіне қатысты бірнеше жаңа гипотезалар көрсетілген. Атап айтқанда, Ботай тілінің Алтай тілдер тобымен ортақ тамыры, ежелгі Ботай қоныстарының аумағында прото-мемлекеттіліктің пайда болуы туралы.

Конференцияда Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті кезеңдері, Ботай мәдениеті аспектілерінің ғылыми дамуы туралы тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Германия Археология институтының корреспондент-мүшесі З. С. Самашев сөз сөйледі.

Терсек және Ботай археологиялық мәдениеттерінің ортақтығы туралы «Ботай» музей-қорығының аға ғылыми қызметкері К. К. Әбілмәліков өз баяндамасында гипотеза жасады.

Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар Ботай мәдениетін одан әрі кешенді зерттеудің, ескерткіштерді мұражайландырудың, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"