foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Құрметті оқырмандар мен Ботай музей-қорығы парақшасының қонақтары үшін жақсы жаңалық! 2022 жылдың қыркүйегінде Ботай қонысындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Никольское ауылының маңында) ежелгі ботай тұрғын үй құрылысы ғылыми бағытта қалпына келтіру бойынша басталған жұмыстары аяқталды. Осы жобаны ұйымдастырып, қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комите

Құрметті оқырмандар мен Ботай музей-қорығы парақшасының қонақтары үшін жақсы жаңалық! 2022 жылдың қыркүйегінде Ботай қонысындағы (Солтүстік Қазақстан облысы, Никольское ауылының маңында) ежелгі ботай тұрғын үй құрылысы ғылыми бағытта қалпына келтіру бойынша басталған жұмыстары аяқталды. Осы жобаны ұйымдастырып, қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетіне алғыс айтамыз.
Бұл тұрғын үйлердің ерекшелігі 2022 жылы далалық археологиялық қазба жұмыстарының орнында жүргізілгені. Тұрғын үйлер терең жабылған өткел арқылы жалғасады (қыста көне Ботай адамдарының ыңғайлы қозғалуы үшін). Әр үйдің ортасында ботайлықтар қыш күйіп, ас әзірлеп, жылынатын ошақ бар. Тұрғын үйлердің іші жабайы дала жылқысын қолға үйретудің (үйге айналдырудың) белгісі ретінде жылқының бас сүйектерімен безендірілген.
Сапалы түрде жүргізілген қайта құру үшін, айтылған ұсыныстарды ескере отырып «Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына алғысымызды білдіреміз.
Біздің жазбаларымызда бұрын айтылғандай, 2022 жылы тұрғын үйлерді құрудың ерекшелігі - ғылыми бағытта, алдыңғы зерттеулерді ескере отырып, қазба жұмыстары жүргізілген жерде. «Қазқайтажаңарту» РМҚК мамандары ботайлықтардың сәулет дәстүрін, технологиясы негізінде – бөрене, саз балшықты пайдалануын ескерді. Қазіргі шеберлер түпнұсқаға жақындауға ұмтылды.
Мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастықта Ботай қонысын сапалы музейлеу, оның айналасында қажетті инфрақұрылымды құруды көздеп отыр.
Келесі бағыт – Ботай мәдениетінің ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына енгізуге ұсыну, ұлттық экотуризмді дамыту.
Сондықтан ғылыми негізде жасалған Ботай мәдениетінің баспаналары алғашқы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Ашық аспан астындағы музей ежелгі Ботай халқының тұрмысы, тұрмыс-салты тарихи-мәдени қорыққа келушілерді де, балаларды да, ересектерді де қызықтырады деп ойлаймыз. Осыған орай, жобаның барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына тағы да алғысымызды білдіреміз

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"