foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу

ҚР МСМ қаржыландыратын «Ботай қонысында археологиялық ғылыми -эксперименттік зерттеулер және қамтамасыз ету жүйелерін, ботай мәдениеті иегерлерінің дүинетамдық-киелі контекстерін модельдеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыру бойынша тапсырмалар шеңберінде, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Қостанай облысы аумағында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді.

Археологиялық барлаудың мақсаты - осы аймақтағы мәдениеттің таралу шекарасын нақтылауға мүмкіндік беретін Ботай мәдениетінің жаңа ескерткіштерін іздеу. Сондай -ақ, энеолит дәуіріндегі Ботай мен Терсек мәдениетінің артефактілеріне салыстырмалы талдау жүргізу, аналогияны анықтау.

Археологтар жаңа ескерткіштерді іздеуде Қостанай облысының Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарын зерттеді. Бірнеше археологиялық ескерткіштер табылды. Ескерткіштердің бірі Екпінді деп белгіленген, Амангелді ауданының орталығына жақын орналасқан. Ескерткіштің бірегейлігі - бір жерде энеолит дәуірінен орта ғасырға дейінгі бірнеше қоныстардың бірден орналасуында. Үлкен археологиялық материал – көптеген қыш ыдыстар, тас жаңқа, жебенің ұштары мен қырғыштар Амангелді ауданындағы Құмкешу қонысынан табылды.

Археологиялық барлау кезінде 8 ескерткіш орнының іздері табылды, олар: Рахмет-1, Ағайдар-1,4, Байғабыл, Кемер, Құмкешу, Тоқанай, Екпінді. Табылған ескерткіштердің көп бөлігі зерттелді.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"