foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай құпиясы» интеллектуалды викторинасы. Үшінші сұрақтың жауабы

Құрметті достар, өкінішке орай біз үшінші сұраққа дұрыс жауап ала алмадық және осы аптада бізде жеңімпаздар жоқ.

«Ботай құпиясы» викторинасының дұрыс және нақты жауабын алу үшін ең алдымен «Ботай қазынасы» айдарын зерделеуіңізді сұраймыз, ол жерден қойылған сұраққа дұрыс жауап таба аласыз және де ынталандыру сыйлығын алуға мүмкіндігіңіз туады.

Әр сейсенбі күні «Ботай мәдениеті» тақырыбында сұрақтар қойылады. Викторинаға тек мектеп, лицей оқушылары қатысады.

Апта сайын біз Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі музей парақшаларынан бір жеңімпазды таңдаймыз (жалпы 2 жеңімпаз) және викторинаның жеңімпаздарын келесі күні жариялаймыз.

 Ботай қазынасы» танымдық айдары. Тас балға

Тас балғасы қатты тастан жасалған – гранит, құмтас, базальт, тақтатас жыныстарынан жасалған ДИСК ТӘРІЗДІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТОБЫНА жатады. Тас балғалары бұрғылау және тегістеу технологиялары арқылы жасалды. Қазақстан аумағында б. з. д. IV-III мыңжылдықтағы энеолит кезеңінде диск тәрізді тас балғалар пайда болды.

Ежелгі ботайлықтар тас балғасын ірі қара малды сою үшін ерекше қару ретінде қолданған.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"