foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Зайберт Виктор Федорович

Зайберт Виктор Федорович – тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Берлин қаласындағы Герман археологиялық институтының және ҚР Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нің ғалым хатшысы.

Виктор Федорович СҚО Есіл ауданы Николаевка ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу саласындағы маман, бірнеше ғылыми жаңалықтар мен Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихына арналған 100-ден астам кітаптар мен мақалалардың авторы. Қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштер бойынша материалдар жариялануда, туристік индустрияда тарихи-мәдени мұраны пайдалану бойынша жобалар әзірленуде.

Қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталған.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"