Жебелер мен тас ұштықтарды садақпен бірге адам Қазақстан аумағында мезолит кезеңінен бастап жабайы аңдарды аулау үшін пайдаланған. Энеолит кезеңінде тас ұштары мен жебелері тасты өңдеу технологияларымен-ретуштаумен, сығу техникасымен бірге жетілдірілді. Жебелердін сабын ежелгі ботайлықтар қайыңнан дайындады, Тас ұштары тастан жасалған – яшмокварцит. Жебе ұштары ағаш шайыры мен жылқы шашының көмегімен бекітілді.