
Ботай қонысынан табылған сүйек ауыздықтың (псалий) сынығы — энеолит дәуіріне жататын бірегей археологиялық жәдігер.
Бұл артефакт Ботай мәдениетінің ерте жылқы шаруашылығының қалыптасуындағы және адамзат тарихындағы айрықша орнын айғақтайды.
Псалий — ежелгі жүген құрамының маңызды бөлігі. Ол ауыздықтың ұштарына перпендикуляр бекітілетін, ауыздықты жылқы ауызында орнықты ұстап тұруға арналған тік таяқша тәрізді бөлшек.
Ауыздық жылқы сүйегінен жасалған.
Сынықтың ұзындығы — 10,5 см, ені — 2,5 см.
Бұйымның орталық бөлігінде ауыздықты бекітуге арналған диаметрі 1 см болатын биконикалық тесік бар.
![]() |