foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Қазақстандағы музей ісі дамуының жаңа тенденциялары мен перспективалары және археологиялық зерттеулері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Солтүстік Қазақстан облысы әділетті түрде Қазақстанның солтүстік қақпасы болып есептеледі. Солтүстік Қазақстан – бұл бояулардың тасқындығы, табиғаттың сән-салтанаттылығы, дегенмен сонымен бірге таңғаларлық қатаңдық, тіпті айбарлық. Солтүстік Қазақстан аумағында республикалық мәні бар бірқатар бірегей табиғи кешендер орналасқан және қазіргі уақытта туризмді дамыту үшін айтарлықтай перспективасы бар, өйткені сүйсіндірер табиғатынан басқа көптеген тарихи-мәдени мәндегі нысандар да бар. Ең танымалдардың бірі – бұл Имантау-Шалқар курорттық аймағына жақын жерде орналасқан Ботай қонысы. Бүгінде Ботай қонысына айрықша назар аударылған. Өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты басты мақаласында Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев бірінші қырының бірі деп салт аттылық мәдениетті атады, «өйткені адамның жылқыны алғаш рет қолға үйретуі қазіргі кездегі Қазақстанның аумағында пайда болды, бұны еліміздің солтүстігіндегі «Ботай» қонысының қазба жұмыстары куәландырады».  Көпжылдық қазба жұмыстары, археологтар тапқан заттар В.Б. Зайбертке энеолиттің Ботай мәдениетін негізді түрде атап көрсетуге және Ботай қонысын Қазақстанның киелі нысандар тізіміне енгізуге мүмкіндік берді.

«Ботай» қонысы тарихи-мәдени нысанын дәріптеу мақсатында 2021 жылдың 7-8 қазаны күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Солтүстік Қазақстан әкімдігінің қолдауымен «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы музей ісі дамуының жаңа тенденциялары мен перспективалары және археологиялық зерттеулері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Офлайн және онлайн режимде өткізілген конференция Қазақстанның әрбір өңірінен тарихшыларды, археологтарды, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және дәріптеу орталығының мамандарын, музей-қорықтардың, тарихи-өлкетану музейлерінің директорларын, туризм саласындағы мамандарды біріктіре алды. Конференция өз пікірлерімен бөліскен диалог алаңына айналды, барлық археологтарды толқытатын тақырыптарға арналған көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар айтылды.

Конференция қатысушыларына археология саласындағы тұсаукесер роликтер, ғылыми-зерттеу және мәдени-білім жобаларын ұсынған Қазақстан музейлерінің директорлары мен ғылыми қызметкерлерінің сөз сөйлеуі жарқын әрі есте қаларлық болды. Сондай-ақ конференция барысында тарихи-мәдени нысандарды сақтап қалу және туристік кластерді дамыту мәселелері талқыланды.

Конференция қатысушылары үшін «Ботай» музей-қорығы мен Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігінің қызметкерлері Ботай қонысынан артефактілер көрмесін, сондай-ақ суретшілердің ботай мәдениетіне арнаған жұмыстарын көрсетті.

Конференцияның 2 күндік жұмысы барысында қатысушылар Имантау-Шалқар курорттық аймағына экскурсияға шықты, сондай-ақ Қарасай және Ағынтай батырлардың кесенесін, Шоқан Уәлиханов тарихи-этнографиялық музейін және Сырымбет ауылындағы Айғанымның музей-мекенін барып көрді.

Сіздер мұның барлығын біздің ролигімізден көре аласыздар.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"