
О проведении разъяснительной работы по формированию антикоррупционной культуры в РГКП Государственный историко-культурный музей-заповедник «Ботай» Комитета культуры Министерства культуры и информации РК
Құрметті әріптестер бүгін біз жемқорлық және жемқорлыққа қарсы күрес туралы тақырыпқа әңгімелесетін боламыз
Баршаңызға мәлім, жемқорлықпен күресу – біздің саясатымыздағы негізгі мақсаттарымыздың бірі болып табылады.
Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабуымыз қажет.
Түпкі мақсатымыз – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе алатын боламыз.
Біз жемқорлыққа қарсы күресте барынша қатаң және батыл болуымыз керек.
Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыруымыз қажет. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру – барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы болып табылады.
Қоғамымыздың басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Сондықтан біз осы қоғамдық кеселді жеңуіміз керек.